RSS

Адамның жасына байланысты атаулар


1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте

1 жастан 10 жасқа дейін – сәби

1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек

2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін

3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса

6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай

8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек

13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім

16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен

20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз

30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек,  кәрі қыз, келіншек

40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте

50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел

60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже

70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым

80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария

90 мен 100 жас аралығы – селкілдек шал, селкілдек кемпір

100 жастан жоғары – кейуана, баба

 

Мүшел жас

1- мүшел -13 жас (ер жете бастау)

2 – мүшел – 25 жас (жігіттік жас)

3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)

4 – мүшел – 49 жас (орта жас)

5 – мүшел – 61 жас (орта жас)

6 -  мүшел – 73 жас (қарттық)

7 – мүшел – 85 жас (кәрілік)

8 – мүшел – 97 жас (қалжырау)

9 – мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)

10 – мүшел -121 жас (немене сүю)

*************

10 жасқа дейін – қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған,

10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған,

20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған

***********

30 жас – орда бұзар,

40 жас – қылыш жас, қырықта қамал алар

50 – ел ағасы, ердің жасы

60 жас – пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс

70 жас – жетпістің белесі

80 жас – сексеннің сеңгірі

 
Leave a comment

Жариялаған: on Маусым 2, 2011 | Өте жақсы

 

Айбек Қалиев ағамыз еліміздегі Жастар саясатын қатты сынға алды. Айтқаны жөн-ақ…


– Біздің елде жастардың саясатын,
Орыс тілді жастарға бұрып кетті.
Өткізген жиналыстың бәрі орысша,
Сондықтан болашағың күдікті етті.
«Ұлтым» деп ұлып жүрген біреуі жоқ,
Қолынан жас қазақтың құрық кетті.
Өтешов Нұрлан деген серкелерің,
Қазақшаға ауызын буып кетті.
Жастардың сөзін сөйлер Сыздықоваң,
«Төрт байға тиемін» деп тұрып кетті.
Тәңірім бермей қалғыр Бердіоңғаров,
Аузына келгенді айтып, үріп кетті.
Ел аман, жұрт тынышта жиырма үшінші
Февральмен құттықтап, қуып кетті.
Кешегі жас арыстан Ғанилардың,
Тұқымы тұздай бүгін құрып кетті.
Қайрат пен Ләззаттай ірілердің,
Ізбасары іркіттей іріп кетті.

Мамырдың 2-сі күні Алматыда өткен «Төртеу түгел болса» атты айтыстың бесінші жұбы – Жандарбек Бұлғақов пен Айбек Қалиевтің айтысынан үзінді

 
Leave a comment

Жариялаған: on Маусым 2, 2011 | Өте жақсы

 

Ассалаламу алейкум жамағат!


Алғаш блогымды аштым.

 
1 Comment

Жариялаған: on Маусым 1, 2011 | Өте жақсы

 
 
Follow

Get every new post delivered to your Inbox.